Ticketon Live & Brod.kz: №17 шығарылым
Шытырманға толы оқиғаларды аңсау - мінеки, осылар кей адамдарды танымайтын елге, қауіпті экспедицияларға және әлемдік саяхатқа итермелеп жатады. Заманауи өмірде бұларды қауіпті десек те, жігерлі жандарға ештеңе кедергі бола алмайтыны анық. Британ әскерінің подполковнигі, Атлантида мен Эльдорадо қалаларын іздеген топограф әрі саяхатшы Перси Фосетт дәл осындай жігерлі адам болған. «Тастанды Z қаласы» өткен ғасырдың 20-жылдарындағы шынайы әрі таңғажайып оқиғаларға негізделген, ол алғашқы ашушының соңғы экспедияциясын баяндайды. Фосетт өз ізденістерінің нәтижесінде Орталық Бразилия аумағындағы құпияға толы қаланы Z деп атады. Зерттеуші үшін осы қалаға жасаған саяхаты соңғы болды. Фосеттің құпиялы түрде жоғалып кетуі көптеген аңыздарға арқау болып, оны зерттеген адамдардың 100 шақтысы қайтыс болған. Алдағы картинада ғажайып саяхаттың қызықты мәліметтері ғана ашылып қоймай, актерлер Роберт Паттинсон мен Сиенна Миллер жаңа образда танылатын болады.

«Тастанды Z қаласы» фильмінен көрініс
Әлемдік кинематограф құбыжықтар мен айдаһарлар туралы оқиғалар арқылы миллиард доллар табыс тапқан. Сондықтан, үлкен жаратылыс туралы «Менің қызым – құбыжық» фильмінде жаңа бір дүние ойлап табу қиындау боп көрінуі мүмкін. Алайда, комедияшылар Энн Хэтэуэй мен Джейсон Судейкис үшін емес. Глория есімді басты кейіпкер бір мезетте жұмысы мен махаббатынан айырылып, Нью-Йорктен туған қаласына қоныс аударуды ойлайды. Жол бойында Сеулге дәу құбыжықтың төніп келгенін естиді. Бір қызығы, 2015 жылы фильм авторларын «Годзилла» фильміне қатты ұқсағаны үшін сотқа берген еді. Алайда, картина түсірушелерді ештеңе де тоқтата қойған жоқ, олар қомақты кино жинақтан үмітті.
«Менің қызым – құбыжық» комедиясы туралы пікірнаманы сілтеме бойынша оқи аласыздар.
Өткен аптада кассалық жинақ бойынша бірінші орынды «Форсаж 8», екінші орынды - «Кухня: Соңғы шайқас», ал үшіншісі - «Мұхаммад: Аллаһ Елшісі» фильмдері иеленді.
«Тикетон» компаниясының байқауы әлі де жалғасуда. Ұтыс ойынға қатысып, киноға 2 билет ұтып алыңыздар. Байқаудың шарттары: алдымен әлеуметтік желілерде «Тикетон» (@ticketonkz) парақшасына жазыласыздар; екіншіден #ТикетонLive54 хэштегін қолдана отырып, төмендегі бейнежазбаны өз парақшаңызға саласыз.



пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін