È

Ticketon Live & Brod.kz: № 21 шығарылым

Ticketon Live & Brod.kz: Күмәнді істер

Биылғы жыл шынымен де Стивен Кинг туындыларының экрандауына арналғандай... «Түнек» хикасының алғашқы маусымы көрсетіліп қойды, қыркүйекте «Оно» ребуты шығады, сондай-ақ, 2018 жылы «Касл-Рок» хикаясы таныстырылмақ. Соңғы аталған таспа автордың «Қажетті заттар», «Жеребе», «Түс аңдушы», «Түнгі ауысым», «Жасыл миля» картиналарын және тамызда шығатын «Қара мұнара» фантастикасын біріктірмек.

Бастапқыда «Қара мұнара» романдар желісі болып табылған. Алғашқы роман 1975 жылы шығып, «Жеребе» деп аталған еді. 42 жылдан кейін экрандауы жарық көрді, оның режиссері дат режиссері Николай Арсель болды. Фильмнің шығу күні, сценаристері мен актёрлік құрамы бірнеше рет өзгерген. Бірақ, жанкүйерлерді алаңдататыны - басты кейіпкердің күнге қатты күйіп кетуі. Айта кету керек, Кинг кейіпкерін актер Клинт Иствудке қарап жаған. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, картина романдар желісінен біраз ерекшеленетін сияқты.

Аналық махаббат тақырыбына арналған фильмдер көрермендерге ұнайтыны анық. Сондықтан, режиссёр Луис Прието «Ұрлау» картинасын түсіріп, басты рөлге Холли Берриді шақырды. Актриса баласын жақсы көретін, бірақ ұқыпсыз ананың рөлін сомдайды. Фильмде оның ұлын белгісіз әйел ұрлап әкетеді. Бұл жағдайда кез-келген адам секілді кейіпкер де полицияға хабар береді, алайда тәртіп сақшылары Берриге көмектесе алмайды. Осы кезден бастап қайғыдан қан жұтқан ана ұлын өзі іздеуге кіріседі.

«Жойқын ақсары қыз» қазақстандық бокс офисте бірінші орын алып, айналымның алғашқы аптасында 102 145 450 теңге жинады. Екінші орынды режиссер Кристофер Ноланның «Дюнкерк» әскери драмасы иеленді, ол айналымның екінші аптасында 94 102 900 теңге көлемінде қаржы жинаған. Ал «Маймылдар аралы. Соғыс» картинасы 55 015 000 теңге көлеміндегі жинағымен үшінші орынға жайғасты.

Егер сіз билеттер ұтысына қатысқыңыз келсе, #ТикетонLive69 хэштегі бойынша әлеуметтік желі арқылы аталмыш бейнежазбамен бөлісіңіз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер