Ticketon Live & Brod.kz: № 27 шығарылым
Білімді адамдардың арасында Уотергейт пен оның саясатта кең қолданылып жүрген дүниелерін: Клинтон кезіндегі атышулы Зиппергейттен бастап, итальян футболы Моджигейтті білмейтін адам жоқ шығар. Бүгінгі тұсаукесер сенімсіз Ричард Никсонның қызықтарын баяндайтын болады.
Режиссер Питер Ландесманның «Уотергейт: Ақ үйдің күйреуі» өмірбаяндық тыңшылық триллері 20 ғасырдағы атышулы саяси дүрбелеңнің басты жұлдызына айналған ФТБ агенті Марк Фелтенің шынайы хикаяларын баяндайды. Шындықты жақтаушы бүкіл әлемнің президенттің биліктегі әдістерін білуі үшін барлығын: отбасын, мансабын, бостандығын құрбан етті.
«Уотергейт: Ақ үйдің күйреуі» фильмінен көрініс
Көпшілігіміз «тамаша уақыттың» баяғыда-ақ өтіп кеткенін айтып жатамыз. Ал ағайынды Сэфдилердің «Тамаша уақыт» атты картинасы аталған сөз тіркесінің мүлдем басқа қырын ашты. Тіпті, Канн кинофестивалінде осы фильмдегі рөлі үшін Паттинсонға бас жүлде бұйырған болатын. Ал киносыншылар актер мансабындағы негізгі жұмыс екендігін атап кеткен. Сюжеті жақсы өмір сүру және ақыл-есі кем інісі үшін банк тонауға дейін барған жігіт туралы. Әрине, барлығы тонаудан басталады. Ауру інісін полицей алып кетеді, ал Паттинсона оны шығаруға тырысады.
Өткен аптада «Kingsman: Алтын сақина» фильмі айналым үздігі атанып, 77 882 500 теңге көлемінде пайда тапты. Екінші орынға 7 248 000 теңге көлеміндегі кассамен «Лего Ниндзяго фильм» мультфильмі жайғасты. Үшінші орында «Серіктес» ресейлік комедиясы тұр, ол 6 256 390 теңге жинады.
«Тикетонның» киноға 2 билет ойнатып жатқанын естеріңізге саламыз. Байқауға қатысу үшін төмендегі бейнежазбаны әлеуметтік желілерде #ТикетонLive76 хэштегі арқылы бөлісу керек.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін