È

Ticketon Live & Brod.kz: №32 шығарылым

Ticketon Live & Brod.kz: Күлкіден жас шығып кетті

Биылғы маусымда ең көп күтілген фильм жарыққа шықты. Жастар арасында Marvel студиясының кинокейіпкері Торды танымайтын адам кемде-кем шығар. «Тор: Рагнарёк» - бұл найзағай құдайы туралы 2011 және 2013 ж.ж. шыққан картиналардан кейінгі үшінші жеке блокбастер. Сонымен қатар, «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» фильмінің приквелінен кейінгі туынды десе де болады. «Кек алушылар: Альтрон эрасы» фильмінде болған оқиғадан кейін басқа әлемнің бір бұрышында балтасыз қалып қойған Торға гладиатор шайқасында бұрынғы досы Халкқа қарсы шығуына тура келеді. Сондай-ақ, шайқасты жеңіп, Асгардқа қайта оралып, аяусыз Хеланы және келе жатқан Рагнарёкті, яғни ақырзаманды тоқтатуға асығады. Осының барлығына Marvel студиясының 180 миллион доллар қаржысы кеткен, оның көптеген сомасы әлемдік айналымда ақталды.

Денсаулығында мүлдем ақауы жоқ адам жоқ шығар, тек тексерілмегендер бар дейді ғой. Бұл сөзге сымбатты Омар Сидің қатысуындағы жаңа фильм дәлел бола алады.

Өтірікші және қалта ұрысы Нок жаңа өмір бастауды ұйғарады. Ол бай, бірақ денсаулықтары жақсы адамдар тұратын кішкентай қалаға қоныс аударады. Бұл жақта Ноктың ешқандай танысы жоқ, сондықтан ойына бір тамаша идея сап ете қалады. Ол барлығына өзін лицензиясы бар дәрігер ретінде таныстырады. Ерекше дарындылығы мен адамдарды көндіру қабілетіне орай, қалалықтарды өздерінің ауру екеніне сендіріп, түрлі аурулардан емдейтінін айтады. Айлакер дәрігердің ісі табысты бола беретін еді, тек өмірінде екі жағдай пайда болмағанда... Нок бір сұлу аруға ғашық болады, ал ескі досы оның бар құпиясын ашатынын айтып, қорқытады.

Өткен аптадағы кассалық жинақта бірінші орынды «Аға ма әлде неке ме» отандық фильмі иеленді. Келесі орынға «Соңғы жауынгер» ресейлік комедиясы жайғасты. Үштік үздіктің соңында «Геодауыл» картинасы тұр.

Құрметті оқырмандар, «Тикетон» байқауына қатысуды ұмытпаңыздар. Төмендегі бейнежазбамен әлеуметтік желі арқылы #ТикетонLive81 хэштегін қоя отырып, бөлісіп, киноға 2 билет ұтып алыңыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса