Тильда Суинтон мен Хью Лори «Дэвид Копперфильд» экрандауына түсетін болды

Тильда Суинтон («Окча», «Дәрігер Стрэндж») және Хью Лори («Дәрігер Хаус» хикаясы, «Болашақтың жері») Чарльз Диккенс романының экрандауы «Дэвид Копперфильдқа» Дев Пателмен («Арыстан», «Чаппи есімді робот») бірге түсетін болды. Патель басты кейіпкердің рөліне бекітілді. Фильм режиссері - Армандо Ианнуччи, ол биылғы жылдың басында айналым мәселесіне тап болған «Сталин өлімі» арқылы танымал болған.
Жоба Дэвид Копперфильдке деген заманауи көзқарасты көрсетеді. Басты кейіпкер үнемі саяхаттап жүреді, ол аласапыран күйдегі әлемде өзіндік ерекше орнын табуға тырысады. «Дэвид Копперфильдтің өзі баяндаған өмірі» романы алғаш рет 1850 жылы жарық көрген. Өмірбаяндық баяндама сюжетінің негізінде Диккенс оның балалық шағын, кедейліктен табысты авторға дейінгі жолын сипайттайды.
Ианнуччи жұмысы – жеке тәртібінің жоқтығына қарамастан, өзін бүкіл әлемге танытып, алға қойған мақсатына жеткен жас жігіттің табандылығы мен дарыны жайлы. «Дэвид Копперфильд» сценарийімен Саймон Блэкуэлл айналысты, ол «Оскар» жүлдесін иеленген 2009 жылғы «Шырмауда» фильмі арқылы танылған болатын.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін