È

Қазақстандықтар «Сталиннің өлімі» фильмін көре алмайтын болды

Қазақстандықтар «Сталиннің өлімі» фильмін көре алмайтын болды

25 қаңтардан бастап отандық айналымға британдық режиссер Армандо Ианнуччидің «Сталиннің өлімі» фильмі шығуы тиіс болатын. Алайда, ресейліктер секілді қазақстандықтар да кинотаспаны көрмейтін болды.

Қысқаша мазмұнына сәйкес, картина КСРО көшбасшысы Иосиф Сталиннің өлімінен кейінгі кезеңді баяндайды. Әйгілі көсем қайтыс болған соң, билікке қызу талас басталады.

Фильм комедия жанрында түсірілген. Авторлардың өзі таспаның тарихи оқиғалар негізінде түсірілгенін айта кетті.

Ресейде «Сталиннің өлімі» айналымға шығу рұқсатын ала алмады. РФ Мәдениет министрлігінің пікірінше, картинада тарихи, мәдени құндылықтар қозғалмаған, керісінше кеңестік кезең мазақ етілген.

Фото: Vlast.kz
Фото: Vlast.kz

Фильмнің неліктен Қазақстан киноэкрандарында көрсетілмегенін «Арман» киножелісінің директоры Бауыржан Шүкенов Facebook парақшасы арқылы түсіндіруге тырысты:

«Бұл мәселеден бір бәлені іздеудің қажеті жоқ, себебі ешқандай мәселе болмаған! «Сталиннің өлімі» фильмі кең айналымға, дәлірек айтқанда, құқық иеленушінің қалауы бойынша белгілі бір уақытқа, екі апталық көрсетілімге шықпаған себебі – басқа картиналардың көптігі. Әсіресе, бізде көп. Сондықтан, Мәдениет министрлігінен айналым куәлігін ешкім сұрастырған жоқ. Фильм Ресейде айналымға шықпаған соң ғана көрермендеріміздің қызығушылығын тудыра бастады. Осыған орай, Clique Film Festival көрсетілім құқығын сатып алды, фильм Арманда 1 ақпанда көрсетіледі. Әрі қарай барлығы сіздерге, көрермендерге байланысты. Қызығушылық болса, айналымға шығарамыз, кестеге енгіземіз және т.б. Бірақ, әзірге ешкім ешкімге фильмге қатысты тапсырма берген жоқ».

Сондай-ақ, «Вольга» айналым компаниясы да мәселеге қатысты өз себебін жеткізді. Белгілі болғандай, Қазақстан кинотеатрларының барлығы картинадан бас тартқан, сондықтан айналым куәлігіне ие бола алмады. Бұл туралы Vlast.kz порталына компания өкілі хабарлаған.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

26 января 2018, 12:38

Это кто так решил Путин что ли?)

Пэтриот Евразийский

30 января 2018, 12:48

Молодежь и так очень далека от реальных исторических фактах и заслугах Иосиф Виссарионовича, а после просмотра этой пропагандисткой дешёвки мы поднимем процент обезличенной тупой и зомбированной массы не знающих своей истории.

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер