Тимур Бекмамбетов шәкірттерін қабылдауда
Bazelevs кинокомпаниясы сценарлық шеберханасын ашпақ, онда Тимур Бекмамбетов және Жора Крыжовников сабақ береді. Кинематографистер жаңадан сценарий жазуды үйреніп жүрген 10 сценаристі іріктеп алады, ол екі ай бойы комедиялық сценарий әзірлейді, сондай-ақ «Ёлки» жаңажылдық комедиясының жаңа сценарийін жасайды.
Мектеп 1 қазанда ашылады. Өтініш 8 қыркүйекке дейін student@bazelevs.com электрондық адресі бойынша қабылданады.

Сонымен қатар осы жыл режиссер үшін өте өнімді болмақ. Тимур Бекмамбетов «Война токов» фильмінің өндірісіне кірісті. Картина Томаса Эдисон мен Джордж Вестингауз сынды ғалымдардың бір-бірімен бәсекелестігі жайлы. Бір қызығы аталған жоба бірнеше жылдан бері Голливудтың жүзеге асырылмаған ең қызықты сценарийлері тізімінде болды.
Түсірілім жылдың соңында басталады. Актерлер құрамы анықталды: Эдисонды Бенедикт Камбербэтч, ал Вестингаузды – Джейк Джилленхол ойнайды.
Тақырып бойынша:
Тимур Бекмамбетов «Шашлики» атты фильм түсірмек
Тимур Бекмамбетов лекция өткізеді







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін