È

«Үзілу нүктесі»: жаңа ойын-сауық саябағының авторлары жайлы комедияның алғашқы трейлері

«Үзілу нүктесі»: жаңа ойын-сауық саябағының авторлары жайлы комедияның алғашқы трейлері

Paramount Pictures студиясы кадрдағы албырттығына қайта оралған Джонни Ноксвилдің («Әпенділер», «Нақұрыстар») қатысуындағы «Үзілу нүктесі» комедиясының алғашқы трейлерін ұсынды. «Әпенділер» франшизасының жанкүйерлері Ноксвилдің Джейсон «Қортық» Акунья және Бэм Марджермен бірге түскен суретіне қарап, төртінші фильмнен үмітті бола бастады. Алайда, қылжақбастардың қайта бас қосатыны жайлы ешқандай хабарландырулар болған жоқ.

«Әпенділердегідей» оқиғаны күтетіндер үшін «Үзілу нүктесі» жаңа бағыт сыйламақ. Фильмде негізгі сюжет желісінде өрбіген әрекеттер шынайы трюктермен араласқан. Біз роликтен «Төзгісіз ата» таспасындағы бағытына ұқсас қартқа ауысып кеткен Джонни Ноксвилді көреміз, ол немересіне өзінің бұрын басқарған тақырыптық саябағы жайлы әңгімелейді. Бұл саябақ жердегі ешқандай мекенге ұқсамайтын еді.

«Әпенділердегі» әріптесі Крис Понтиус Джонни Ноксвилге қосылып, лагерьді ессіз трюктер орындауға болатын керемет ойын-сауық саябағына айналдырады. Ішіндегі ең танымалы – Ноксвил, оны үлкен катапульттан қабырғаға лақтырады. «Үзілу нүктесін» режиссер Тим Киркби («Брокмайр» хикаясы) түсірген. Фильмге арналған трейлер көптен күткен гэгтерге толы, бірақ мұның барлығы Ноксвилдің бұрын жасағандарынан бөлек әрі өзгеше көрінеді.

«Үзілу нүктесі» комедиясы ауқымды айналымға биыл 1 маусымда шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер