Торонто-2018: «Матада» хорроры үлкен дүкеннің елестері туралы хикая

Осы күндері Торонтода өтіп жатқан кинофестивальде «Түн ортасындағы ессіздік» бағдарламасы аясында британдық режиссер Питер Стриклэндтің («Бургундия герцогы», «Берберян» дыбыс жазу студиясы») «Матада» хорроры таныстырылды. Бұл таспада ол өз-өзіне қарсы келіп, оқиғасы үлкен әмбебап дүкенде өрбитін жобаның авторы атанды. Стриклэндтің айтуынша, бұл – «іздеп табуға болатын түсірілімге арналған ең іш пыстырарлық орын».
«Матадағы» сұмдық оқиға 90-жылдардың басында Лондонда қысқы сатылым кезінде орын алған. Таспа сюжеті қарғыс атқан алқызыл көйлек пен оны сатып алушылардың айналасында өрбиді. Рөлдерді Марианн Жан-Батист («Толқынды кесіп өту», «Із-түзсіз» хикаясы) және Хейли Сквайрс («Мен, Дэниел Блэйк», «Филип К. Диктің электрлі түстері» хикаясы) сомдады.Олар сол көйлекті сатып алып, үйлеріне әкетуге үгіттеген дүкеннің жұмбақ сатушысының (Фатма Мохамед) арбауына түсіп қалады.

«Мен қазір жоғалып кеткен ескі әмбебап дүкендерін ұнатамын», - деді Стриклэнд жаңа жұмысының сенбі күнгі тұсаукесерінде. Бір қызығы, режиссер секонд-хэндтен сатып алған киімнен шабыттанған. Ол оны бір ғана мақсатпен сатып алды: «алдыңғы иелері қалдырған дақты тауып алып», сол адамдардың қандай болғанын және жағдайдың өрбігенін зерттеу. «Менің ойымша, жарты бөлігім елестер жайлы хикая жазғысы келген, ал басқасы тастанды үй бейнесіндегі тұрақтылықты жойып, ең сұрықсыз әрі прозалық жерден түп-тамырын іздегісі келген сияқты», - деді Стриклэнд «Матада» атты жаңа фильмі жайлы.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін