È

Трайбека-2018: «Траффик» триллері америкалық шалғайдағы адам саудасы жайлы баяндайды

Трайбека-2018: «Траффик» триллері америкалық шалғайдағы адам саудасы жайлы баяндайды

20 сәуір күні Нью-Йорктегі «Трайбека» фестивалінде Lionsgate студиясы режиссер әрі сценарист Деон Тейлордың («Танысып қойыңыздар, Блэковтер отбасы», «Үстемдік») «Траффик» триллерін ұсынды. Бұл жобада әйелдер негізгі рөлдерді ойнайды. Жарқын Пола Пэттон («Бәрі жаңаша», «Екі қару») керемет шоу жасайды, ол шыдамдылық танытып, намысын сақтай отырып, барлық қиындықтарды еңсереді.

Пэттон Бреа есімді жас әйелді сомдайды, оның ғашығы Джонамен (Омар Эппс, «Махаббат пен баскетбол», «Бедел») өткізген романтикалық кеші бір сәтте бұзылады, себебі ормандағы үйге шақырылмаған қонақтар келеді. Джон бұл үйге досы, епті адвокат Дарреннің (Лас Алонсо, «Детройт») арқасында ие болған еді.

Қара нәсілді Джона мен Бреа жанармай бекетінде лас байкерлермен соқтығысып қалған соң, жұп сұмдық жағдайларға тап болады, оның барлығына уақыт емші. Бұзық жігіттер кикілжіңді бастайды, Бреа түнде бар күшімен орман арқылы жүгіріп өтеді, оқиғаға шериф көмекшісі Салли (Мисси Пайл, «Фантастик капитан», «Жоғалып кеткен») араласқан кезде, жағдай ушыға түседі. Әйел бұл істі жақсылап тергеуге кіріседі, барлығы Бреа ойлағаннан да артық болады, ол үшін жердегі тозақ енді басталады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса