È

Lionsgate студиясы «Қанішер аңшы» триллерінің айналымға шығатын уақытын хабарлады

Lionsgate студиясы «Қанішер аңшы» триллерінің айналымға шығатын уақытын хабарлады

Lionsgate студиясы басты рөлді Джерард Батлер («Геодауыл», «Ұрыларды ұстау») мен Гари Олдман («Күңгірт кезеңдер», «Киллердің оққағары») сомдаған «Қанішер аңшы» триллерінің айналымдағы құқығын сатып алып, фильмнің ауқымды айналымға осы жылдың 26 қазанында шығатынын хабарлады. Картинаны Донован Марш Дон Кит пен Джордж Уоллестің 2012 жылғы «Шығару нүктесі» романының негізінде жазылған Арни Шмидт («Шынжырлы құбылыс») пен Джэми Мосстың өңделген сценарийімен («Малек») түсірді.

«Қанішер аңшы» фильмінің оқиғасы халықаралық қылмыскерлер ұрлап кеткен Ресей президентін құтқармақ болған американдық суасты қайықтарының капитаны туралы әңгімелейді. Фильмнің үлкен экрандағы жолы ауыр болды. Алғашқыда 2015 жылы түсіріліммен Relativity Media айналысатыны хабарланды, бірақ кейінірек бұл компания тақырға отырғанын жариялады. Millennium студиясы соттан кейін жобаны қолға алды және фильм 2016 жылдың жазында Лондонда түсірілді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер