«Сфера» фильмінің трейлері
Том Хэнкс және Эмма Уотсон Дэйв Эггерстің романының желісі бойынша түсірілген ғылыми-фантастикалық «Сфера» фильмінде басты рөлдерді ойнады. Сюжет «Сфера» деп аталатын компания туралы. Уотсон компанияға жұмысқа тұруға келген жаңа қызметкерді ойнады, Том Хэнкс - компанияның иесі мен креаторы.
«Сфера» компаниясының жаңалығы - өте кішкентай көлемдегі видеокамера, бұл тек жақсы істерге ғана қолданылмайды. Компанияның ұраны: «Бір нәрсе білу - жақсы, барлығын білу - одан да жақсы».
Уотсон мен Хэнкстен басқа фильмде Джон Бойега, Карен Гиллан, Билл Пэкстон және басқалар ойнады. Режиссер - Джеймс Понсольдт.
Картинаның тұсаукесері 2017 жылдың 28 сәуіріне жоспарланған, ресейлік релизі әлі белгісіз.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін