Аружан Жазылбекова, Дина Тасболатова және Санжар Мәдидің қатысуындағы «Алтын Орда» хикаясының трейлері
Желіде «Алтын Орда» Ресей хикаясының ресми трейлері пайда болды. Көпсериялы фильмге қазақстандық актерлар Аружан Жазылбекова, Санжар Мәди және Дина Тасболатова түсті. Қазақстан мен Ресей көрермендері актерлардың жұмыстарын жақын арада тамашалайтын болады.
«Алтын Орда» көпсериялы тарихи фильмі Ежелгі Русьтың татар-монғол қанауында болған кезін баяндайды. Әйгілі князь Ярослав бөлініп кеткен князьдықты біріктіруге тырысып, татар-монғол мемлекетіне қарсы шығады. Бірақ, туған ағасы князь Борис пен үлкен ұлы Владимир өзінің басты қарсыласына айналады. Текетірестің қызған шағында Алтын Ордаға бұрын уәде етілген мыңдаған әскерлерді алып кетуге Әмір Темірдің өкілі келеді. Темірдің келуімен үлкен хикая басталады. Оның ақыр соңы күтпеген жағдаймен аяқталады.

Аружан Жазылбекованың жеке Instagram парақшасынан алынған сурет
Әмір Темірдің рөлін Санжар Мәдиев сомдады. Ал Алтын Ордада бүлікшілік таратқан екі шығыс сұлуы Нарқыз бен Айжанды Аружан Жазылбекова және Дина Тасболатова сомдап шықты. Сонымен қатар, қазақстандық актерлардың арасында Дәулет Әбдіғапаров, Алтынай Нөгербек және Еркебұлан Дайыров та бар.
Аружан brod.kz сайтына берген сұхбатында:
«Шынымды айтсам, екі ай күткеннен кейін, менде кастингтен өтем деген үміт болған жоқ. Бірақ, олар хабарласып, мені Мәскеудегі соңғы сынаққа шақырды. Ұшақтан түсе сала, «Марс Медиа» компаниясының кеңсесіне жол тарттым. Екі күннің ішінде түрлі актерлармен бірге бес-алты көрініс түсірдік. Мені екі рөлге ұсынып көрді. Дегенмен, басынан-ақ Нарқызды рөлін сомдағым келді. Сценарийді оқып шығып, оған бірден ғашық болдым. Ол жүрегін ғана тыңдайтын қайсар, табанды қыз. Махаббаттан басқа ешкім оған бұйрық бере алмайды»,-деп бөлісті.
Көрермендерге барлығы 16 эпизод ұсынылады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін