«Өрмекші-адам: Үйге оралу» суперкейіпкер туралы картинаның соңғы үшінші трейлері
6 шілде күні суперкейіпкер туралы «Өрмекші-адам: Үйге оралу» фильмінің жаңа хикаясының тұсаукесері өтеді, ал келесі күні картина АҚШ айналымына шығады.
Джон Уоттс бұл фильмде Өрмекші-адам туралы керемет хикаяны түсірді, бұл жақта суперкейіпкер жаңа қырынан, тұрмыстық жағынан танылады.
Негізінде, Өрмекші-адам - әлемді құтқарғысы келетін қарапайым ғана оқушы.
«Өрмекші-адамның» жаңа шыққан соңғы трейлерінде көптеген әзілдер бар. Көрермендерді фильмде не күтіп тұрғаны жақында белгілі болады.
Фильмнің Қазақстан аумағындағы ресми өкілі «Меломан» компаниясы болып табылады.
Картина 2D, 3D және IMAX 3D форматтарында көрсетіледі.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін