È

«Твин Пикс» хикаясының үшінші маусымы көрермендерді шатастырып отыр

«Твин Пикс» хикаясының үшінші маусымы көрермендерді шатастырып отыр. Әлемдік кино

«Твин Пикс» хикаясының алдыңғы екі маусымында агент Куперді Кайл МакЛоклен сомдаған еді. Үшінші маусымында да актер сол агентті және оның егізін ойнайды.

Жаңа маусымдағы оқиға қызықты болып көрінеді. МакЛоклен (как и Дэвид Линч) бұл картинаның 18 бөлімнен құралған үлкен фильм екендігін алға тартады. Фильмдегі іс-әрекет белгілі бір ойды білдіреді, оны тек түсіне білу қажет.

Актер көрермендерге Дэвид Линчтің кино әлеміндегі суретші екендігін, ал оның фильмдері алға жылжып бара жатқан дүние екендігін түсіндіреді. Демек, ол әр бөлімнің ұзын-қысқа болатынына өзі жауап береді, оны музыкамен әрлей ме, жоқ па, ол да өзінің құзырында.

Оның үстіне, хикаяны бір отырғанда көріп бітіре салуға болмайды. Оның орнына бір бөлімді тамашалап алып, көргенді ойға түйе білу қажет. Бұл бір көргеннен кейін ұмытылып қалатын хикая емес. Хикая көрермендерді ойландырады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер