Тұңғышбай Жаманқұлов Нұрсұлтан Назарбаевтан жәрдем сұрады
Желіде мәдениет қайраткері, актер, продюсер Тұнгышбай Жаманқұловтың Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата жазған видеосы пайда болды. Видео-жазба 27 қазанда, әртіс тұтқындалғанға дейін жазылған.
Видео-жазбада Тұңгышбай Қадырұлы Мәдениет және спорт министрі Арсытанбек Мұхамедиұлының өзіне қысым көрсеткенін, қоқан-лоқы жасағанын ашық айтты.
«Арыстанбек Мұхамедиұлының маған деген жек көрініші неден туындағанын білмеймін. Егер ол маған бөлінген қаржының басқа жобаға жұмсалатынын түсіндірсе, ескертсе, мен бәрін түсінер едім. Ал қазір бір сұмдық жағдай болып жатыр. Міне, он күннен бері біздің компаниямызды қаржы полициясы тергеп жатыр, өзіме қысым көрсетілуде», - делінген видео-жазбада.
Бұл видео-жазба актердің өз өтінішімен халыққа жарияланбаған болатын. Өйткені ол «Феникс» фильміне бөлінген қаржыны өзі алмағаны әділетті түрде тексерілетініне соңына дейін сенді. Соңғы оқиғалар қоғамда резонанс туғызғаннан кейін видеожазба көпшілік назарына ұсынылды.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін