È

Уилл Феррелл жол апатынан кейін аурухана түсті

Уилл Феррелл жол апатынан кейін аурухана түсті

Өткен аптаның соңында Колифорниядағы жол апатынан кейін актер Уилл Феррелл («Сәлем, әке, Жаңа жыл!», «Үй») ауруханаға жеткізілді. Ол жол талғамайтын көліктегі жарақат алған үш жолаушының бірі болатын. Феррелдің жарақаты ауыр емес, ол Сан-Диегодан «Күліңдер немесе өліңдер» шоуына жүргізуші болып қайтып келе жатқан. Сондай-ақ, жол талғамайтын көлікте 27 жасар әйел болған. Ол қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан ауыр жарақат алған. Жол сақшысының мәліметінше, жол талғамайтын көлікке соғысқан жүргізуші көлік тізгінінде келе жатып ұйықтап кеткен.

Актерлік агенттік оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады: «Сан-Диегодан Лос-Анжелеске қайтар жолда автокөлік басқа көлік құралының салдарынан апатқа ұшыраған. Уилл және оның әріптесі Эндрю Стил ауыр жарақат алған жоқ және ауруханадан шығарылды. Уиллдің жүргізушісі Марк Томпсон мен оның әріптесі Каролин Барлоу әзірге ауруханада қалды. Олардың жағдайы бірқалыпты. Феррелл достарының жанында қалды және оларға ерекше қамқорлық танытқандардың барлығына үлкен ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол осы жол апатына байланысты ізгі тілек білдіргендердің барлығына алғысын айтты».

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер