È

Белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербек өмірден озды

Белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербек өмірден озды

Қазақ кино өнері орны толмас қазаға ұшырады. Еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану профессоры, кинотанушы, кинотеорияшы, педагог әрі киносыншы Бауыржан Нөгербек 69 жасында ұзақ науқастан соң көз жұмды.

Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек 1948 жылы Қарағанды облысының Ұлытау ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография институтының сценарий-кинотану факультетін бітірді. Институттан соң Бауыржан Нөгербек «Қазақфильм» киностудиясы мультипликация бірлестігінің бас редакторы қызметін атқарған. 1981 жылы Қазақстан кинематографистер Одағының хатшысы болып тағайындалады, ал 1985 жылдан бастап Мұхтар Әуэзов атындағы Мәдениет және кино институты театр және кино бөлімінің жоғары ғылыми қызметкері болған. 1993-1994 ж.ж. кинотанушы Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның проректоры қызметін атқарды. Сонымен қатар, Бауыржан Рамазанұлы кинотану бойынша шеберлік сыныбын ашып, қазақ тілінде жазатын алғашқы кинотанушыларды оқытып шығарды. Кинотеорияшы өмірінің көп бөлігін ұстаздыққа арнады. Ол бар білгенін жас ұрпаққа үйретумен болды.

Мәдениет қайраткерінің ғылыми еңбектерінің арасында «Қазақ кино тарихының очерктері» (1980), «Қазақстан киносы» (1998), «Қазақ киносының тарихы» (2005), «Экран алдында «Қазақфильм»» (2007) туындылары бар. Сонымен қатар, профессор отандық анимацияның дамуына зор үлес қосты. Ол өзінің көптеген еңбектерін мультипликация тақырыбына арнады: «Қазақстанның мультипликациялық киносы» (1984), «Қазақ мультипликациясындағы фольклорлы дәстүрдің дамуы» (1989) және т.б. Сондай-ақ, ол 250-ден астам мақала, пікірнама мен эссе жазған.

Бауыржан Нөгербек «Шәкен жұлдыздары», «Еуразия», «Алтын мінбер» (Ресей) және «Saryarka short film festival» халықаралық және республикалық кинофестивальдерінің төрелік ету мүшелігіне кірген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер