Қазіргі заманның әлсіз тұстары
24 жастағы актриса және «Звездные войны» фильмінің жаңа жұлдызы Дэйзи Ридлидің қару қолданып, зорлық көрсететін кампанияны қолдап жазған посты сынға ұшыраған болатын. Актриса өзінің Instagram және Facebook аккаунттарында сахнаға қрау-жарақтан зардап мшеккен адамдар шыққан кезде Teen Choice Awards марапаттау салтанатында ерекше әсер алғанын жазған болатын. Актриса айтқандай, бұл адамдар өте батыл, оның көңілі толқығаны соншалық, көзіне жас іркілді. Осы посттан кейін жағымсыз пікірлер көп жазылды, оның өте көңілшек екені немесе екіжүзді екені, фильмде оның қаруды дұрыс пайдалан алмайтыны туралы пікірлер қаптады. Сондықтан Ридли әлеуметтік желілердегі аккаунтарын өшіріп тастады. Осыдан кейін оның табынушылары актрисаны провакацияға берілмей аккаунттарын қалпына келтіруді өтінді. Дэйзи Instagram желісіндегі аккаунтын қалпына келтіріп, өзіне қолдау білдіргендерге алғыс айтты және ол алдағы уақытта уақытының тапшылығынан әлеуметтік желіге шыға алмайтынын да жазды. Осыдан кейін ол аккаунтын қайта өшірді. Танымал адамдар мұндай әрекетке жиі барады, өтйткені заманауи технологиялар оларды әлсіз ете түседі.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін