È

Комикстердің әйгілі авторы Стив Дитко 90 жасында қайтыс болды

Комикстердің әйгілі авторы Стив Дитко 90 жасында қайтыс болды

Стэн Лимен бірге Өрмекші адам және Дәрігер Стрэндж образын дүниеге әкелген суретші Стив Дитко қайтыс болды. Ол 90 жаста еді. Нью-Йорк полициясы оның өлімін растады: Дитко 29 маусым күні өз пәтерінде өлі күйінде табылған, әзірге өлімнің нақты себебі жарияланған жоқ. 1961 жылы Өрмекші адам туралы комикс аяқ астынан хитке айналды, көптеген жанкүйерлер өрмекші күшіне ие болған суперқаһарман жасөспірімді жақсы қабылдады. 1963 жылы сюрреалистік әрі психологиялық Дәрігер Стрэндж пайда болды.

Көптеген танымал суретшілер мен режиссерлар Стив Дитконың өліміне қайғырып, Twitter'дe пікір білдірді. Танымал фантаст жазушы және комикстер авторы Нил Гейман былай деп жазды: «Стив Дитко жеке идеалдарына адал болды. Ол барлығын өзінше көретін, ол бізге ерекше дүниені көруге мүмкіндік берді. Оны жиі көшіретін. Ал өзі ешкімге қарамайтын. Мен соның арқасында осындай болғанымды білемін, өйткені ол адам осы әлемде өмір сүретін».

Сценарист әрі режиссер Эдгар Райт: «Комикстер аңызы Стив Дитко, жатқан жерің жайлы болсын. Бұл шебер ұзақ жылдар бойы айналысқан туындыларынан көп табыс таппайтын. Бірақ, оның атқарған жұмысын ешкім ұмытпайды».

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер