«Эленді күткен кезде»: Ана де Армас детективті триллердегі басты рөлге шақырылды
Ана де Армас («Жүзбен жүгіруші 2049», «Овердрайв») «Эленді күткен кезде» детективті триллеріндегі басты рөлге шақырылды, жобаны танымал актер Кевин Поллак («Қарулы жігіттер», «Екі есе КОПец») түсіреді. Бұл Поллактың «Сәтсіздік комедияны ұнатады» деректі жобасы мен «Кеш шыққан гүл» комедиялық мелодрамасынан кейінгі үшінші режиссерлік жұмысы болмақ.
«Эленді күктен кезде» сценарийінің жай-жапсары құпия ұсталуда. «Маған сұлулыққа толы ерекше комбинация мен өте әсерлі мінез қажет болды. Сондықтан, Ана Элен рөліне дәл келді, оның фильмімде ойнауы мен үшін үлкен сәттілік», - деді Поллак де Армас жайлы осы жаңалықты баспасөзге таныстырып жатқанда.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін