«Жүзбен жүгіруші 2049» фильмінің құрылуы туралы жаңа роликтер
Роликтерде «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмінің әйел кейіпкерлері: Лав (Сильвия Хукс) және Джой (Анна де Армас) туралы айтылады.
Фильм сюжеті Кей есімді жаңа блэйд-раннер - Лос-Анджелес полицей офицері туралы баяндайды, оны Райан Гослинг сомдамақ. Ол қоғамды аласапыранға айналдырып жіберетін құпияны зерттейді. Ақыры, 30 жыл бұрын жоғалып кеткен бұрынғы блэйд-раннер Рик Декардпен (Харрисон Форд) жолығады.
Кинотаспа тұсаукесері 5 қазанда болады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін