Желіге «Күштірек» драмасының трейлері шықты
Актер Джейк Джилленхол Бостон марафоны кезіндегі теракттан зардап шегушінің рөлін сомдайды. Нақтырақ айтқанда, 27-жасар Джефф Бауманды ойнайды, ол жүріп жүрген қызын қолдау үшін марафонды көруге келеді де, теракттан зардап шегіп, аяғынан айырылады.
Фильмді Дэвид Гордон Грин түсірген. Сюжет жігіттің жазылуын, емделуін баяндайды.
Сонымен қатар, рөлдерде Татьяна Маслани, Клэнси Браун және Миранда Ричардсон бар.
АҚШ-тағы тұсаукесері 22-қыркүйекте болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін