Желіге «Твин Пикс» хикаясының 3-маусымының жаңа тизері жарияланды
Өткен жолы жарияланған «Твин Пикс» хикаясының 3-маусымына арналған барлық тизерлерінде бұрынғы эпизодтың көріністері бар. 30 секундтан тұратын жаңа тизер жаңа көріністерді көрсетеді. Бірақ, бұл жерде адамдарды көрсетпейді, тек Твин Пикс полициялық учаскесінің бейнесі, жол бойындағы кафе, Қара Вигвам атты құпия жер және 2 маусым қатарынан детектив Купер мақтаған табиғат көріністері ғана бейнеленген.
«Твин Пикс» хикаясы 3-маусымының тұсаукесері 2017 жылы 21-мамырда болады. Оны 70-Канн фестивалінде таныстырады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін