È

Шанхайда «Гофманиада» ресейлік анимациялық қуыршақ шедеврінің әлемдік тұсаукесері өтеді

Шанхайда «Гофманиада» ресейлік анимациялық қуыршақ шедеврінің әлемдік тұсаукесері өтеді

Шанхайдағы халықаралық кинофестивальдің байқау бағдарламасында әйгілі «Союзмультфильм» киностудиясымен өндірілген Ресейлік режиссер Станислав Соколовтың «Гофманиада» анимациялық фильмінің тұсауы кесіледі. Таспа негізінде белгілі «Шерткіш пен тышқан патшасы» және «Циннобер есімді кішкентай Цахес» ертегілерінің авторы, неміс әдебиетінің классигі Эрнст Теодор Амадей Гофманның туындылары жатыр. Жобаға 150-ден астам қуыршақ пайдаланылды және жұмысы 15 жылға созылды. Кейіпкерлерге арналған эскиздер мен декорациялардың көпшілігін суретші Михаил Шемякин құрған.

«Гофманиаданың» басты кейіпкері - Эрнст Теодор Амадей Гофманның өзі, шынайы өмірдегідей түрлі талантқа ие жас жігіт. Заңгер, музыкант және жазушы бірден екі әлемде өмір сүреді, бірі – жеке шығармашылығынан туындаған қияли әлем болса, екіншісі XIX ғасырдың басындағы кішкентай неміс қалашығы. Бір қызығы, «Гофманиаданың» соңғы эпизодында жарты жүздік қуыршақ болады, мұндай жаппай көрініс – әлемдік анимацияда сирек кездесетін тәжірибе.

«Гофманиада» қуыршақ таспасы 2018 жылдың 11 қазанында ауқымды айналымға шығады.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер