È

Төлеубек Аралбай Шанхай ынтымақтастық ұйымы кинофестивалінде үздік актер атанды

Төлеубек Аралбай Шанхай ынтымақтастық ұйымы кинофестивалінде үздік актер атанды

Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерінің алғашқы кинофестивалі өз мәресіне жетті. Театр және кино актері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Аралбай «Біздің қаланың ханзадасы» картинасындағы рөлі үшін «Үздік ер адам рөлі» аталымы бойынша жеңіске жетті. Кинокөрсетілім Шаньдун шет аймағында орналасқан Циндао қаласында өтті.

Режиссер Талғат Теменов түсірген «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі байқау бағдарламасына қатысқан. Актер Төлеубек Аралбай жетім бала Биболмен танысатын қарт музыкант Қасымханды сомдады. Олардың таныстығы нағыз достыққа ұласады. Қасымхан тағдыры қиын болса да, жүрегінің тазалығын жоғалтпаған балақайдың досы ғана болып қоймай, сонымен қатар тәлімгеріне де айналады.

Байқауда бас жүлде үшін 23 картина бақ сынады, олардың ішінде «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі де бар. Фестиваль барысында көрермендерге барлығы 60-тан астам фильм көрсетілді. Жүлделерді қазылар алқасы табыстады, олардың қатарында отандық режиссер әрі продюсер Сергей Әзімов те болды.

Еске салсақ, «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі 2017 жылдың қазанында айналымға шыққан болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер