È

Талғат Теменов жетім бала туралы «Бибол» фильмін таныстырды

Талғат Теменов жетім бала туралы «Бибол» фильмін таныстырды. Қазақстан киносы

Астанада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талғат Теменовтың «Бибол» фильмінің тұсауы кесілді. Көрсетілімнің арнайы қонақтары ретінде кішкентай балалармен қатар, еліміздің мәдени және саяси қайраткерлері шақырылды. Олардың арасында Арыстанбек Мұхамедиұлы, Төлеген және Майра Мұхамеджановтар, Қуаныш Сұлтанов, Нәзира Мұқышева, Дархан Қыдырәлі, Әсел Акбарова сынды белгілі адамдар болды.

«Бибол» кинотаспасының сюжеті жетім бала Биболдың және бұрынғы музыкант Қасымханның оқиғасын баяндайды. Олардың кездейсоқ танысулары үлкен достыққа ұласады. Бала қариядан адамгершілік пен мейірімділік сынды қасиеттерді үйренеді.

Картинаның басты кейіпкерлерін Әнуар Төлеуғажы мен актер Төлеубек Аралбай сомдады. Режиссердің айтуынша, басында Әнуарға мәтін жағы қиындық тудырған екен. Сондықтан, кейде түсірілімнен бас тартып, үйге апарып салуын сұраған. Дегенмен, түсірілім тобының үгіттеуінің арқасында жас актер қалып, фильмді сәтті аяқтады.

Премьера фильма «Бибол»

Кино өндірісіне «Қазақфильм» киностудиясы мен «Адигүл продакшн» ЖШС атсалысты. Қазақстандық драма осы жылдың күзінде көрермендерге жол тартпақ.

Фильмнің бас продюсері – Ахат Ибраев, композиторы – Төлеген Мұхамеджанов, қоюшы-операторы – Андрей Маслов, қоюшы-суретшісі – Марат Иманберген. Сондай-ақ, картинаға Жәния Джуринская, Лейло Бекназар-Ханинга, Динара Әбікеева, Қуандық Қыстықбаев түскен.

Естеріңізге сала кетсек, Талғат Теменов – «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Махаббат бекеті» және «Менің күнәлі періштем» секілді танымал картиналардың сценарий авторы әрі режиссері.

 

Суреттер: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз-қызметі

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер