È

Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі айналымға шықты

Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі айналымға шықты

Отандық айналымға Талғат Теменовтың «Біздің қаланың ханзадасы» фильмі шықты. Картина «Қазақфильм» киностудиясымен және «Әдіғұл продакшнмен» түсірілген.

«Біздің қаланың ханзадасы» фильмінің кейіпкері – Бибол есімді жетім бала және ардагер, музыкант Қасымхан. Екеуі де көп нәрседен айырылған, бірақ бір-бірімен кездесудің нәтижесінде көп дүние өзгеруі мүмкін. Бала мен қарт достасып, өмірге қуануды қайтадан үйрене бастайды. Уақыт өте келе Бибол шынайы бақыттың адамзаттың рухани әрі моральды құндылықтарында жатқанын түсінеді.

Көрермендер Бибол рөлінде жас актер Әнуар Төлеуғажыны, қарттың образында Төлеубек Аралбайды көре алады. Сонымен қатар, картинаға Жәния Джуринская, Қуандық Қыстықбаев және Динара Әбікеева түсті.

Драма сценарийін Талғат Теменов жазды. Драма музыкасын композитор Төлеген Мұхамеджанов шығарды. Жобаның бас продюсері - Ахат Ыбраев.

«Біздің қаланың ханзадасы» фильмінің түсірілімі Ақмола облысында өтті. Фильм «Бибол» уақытша атауымен түсірілген.

Еске сала кетсек, драманың тұсауы 1 маусым күні Астанада өткен. Көрсетілімге Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сергей Попов (IV)

Актер

Ержан Рүстембеков

Режиссер