È

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Министерліктің мұрындық болуымен соңғы үш жылда шамамен 100 фильм түсірілді

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Министерліктің мұрындық болуымен соңғы үш жылда шамамен 100 фильм түсірілді

2014-2016 жылдар аралығында шамамен 100 шақты отандық фильм түсірілді, дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Ұлттық фильмдер қндірісі аясында министрлік соңғы үш жылда шамамен 100 шақты фильм шығарды. қазіргі таңда өндірісте 40-тай кинолента бар. 100 қадам Ұлттық жоспары аясында «Мәнгілік ел» кешенді жоспары жасалған. Мұнда 2015-2020 жылдары қазақ тарихы, мәдениеті, белгілі тұлғалар туралы түсірілетін кинолар мен теле жобалар қамтылады», - рассказал Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрлік келтірген деректерге сәйкес, 2014 жылы 6 көркем, 14 деректі, 6 дебюттық фильм және бір анимациялық картина («Қазақстан - біздің ортақ үйіміз») түсірілген. 2015 жылы 8 көркем, 28 деректі және 7 дебюттық, сондай-ақ «Тағдыр» мультфильмі жарыққа шыққан. 2016 жылы 9 көркем, 9 деректі, 7 дебюттық картина мен «Қазақ елі» анимациясы түсірілді.

Сондай-ақ министрлік қазақстандық киноның прокаттағы үлесін де есептеді. 2015 жылдың статистикасына сәйкес, отандық киноның үлесі 5,2 %, ал 2016 жылы 6%. 2015 жылы ұлттық фильмдерді түсіруге мемлекеттік бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінді, бұл соңғы алты жылдағы ең қомақты қаржы. 2016 жылы мемлекет ұлттық киноны 3,3 миллиард теңгеге қолдау білдірді.

Арыстанбек Мүхамедиұлының айтуынша, үкіметтің алдында киноөнер арқылы еліміздің имиджін көтеру, Қазақстанға туристердің қызығушылығын арттырумақсаты тұр. Сондай-ақ ол қазіргі кезде әлем нарығы өз киносын алға сүйреуде, осылайша әрқайсысы өз мәдениетін, тарихын, құндылықтарын насихаттауда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер