È

«Қараңғыда»: алғашқы трейлерде Натали Дормер өзі көрмейтіндерден қорғануға тырысады

«Қараңғыда»: алғашқы трейлерде Натали Дормер өзі көрмейтіндерден қорғануға тырысады

Universal студиясы режиссер Энтони Бирннің («Соңғы патшалық» хикаясы және «Мистер Селфридж») «Қараңғыда» триллеріне арналған алғашқы ролигін ұсынды. «Аштық ойындары» және «Тақтардың ойыны» фильмінің жұлдызы Натали Дормер алғаш рет жоба сценарийінің қосалқы авторы ретінде жұмыс істеді және басты рөлге түсті. «Қараңғыда» фильмінің сценарийі осыдан бірнеше жыл бұрын, ол танымал хикаяға түсе бастағанда дайын болған.

Трейлер көрермендерге жоғарыдағы көршісі Верониканың (Эмили Ратаковски, «Жүректің минутына 128 соққысы», «Антураж») өліміне кездейсоқ куәгер болған Лондондағы көзі көрмейтін пианист София (Натали Дормер) жайлы баяндайды. Полиция алғашқыда Верониканың өлімін өз-өзіне қол жұмсау деп қарастырады. Бірақ, бұған тергеушінің бірі күдікпен қарайды. Бұл роликтегі өткен жағдайларды шолуға бағыттайды: Вероника – әскери қылмыскердің қызы және ол өзінің басының бәлеге қалғанын біледі. Қылмыскерлер Софияның білетінін айтып бермеуі үшін кедергі жасау керектігін түсінеді...

«Қараңғыда» триллері ауқымды айналымға 2018 жылдың 14 маусымынан бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер