«Нағыз детектив» хикаясының үшінші маусымында Махершала Әли ойнайды
Үшінші маусымда көрермендер Миссури штаты, Озарк өңірінің аумағындағы сұмдық қылмыстың зерттелуін көретін болады. Бұл -үш түрлі уақыт бойы сақталған қорқынышты құпия.
Махершала Әли Арканзастан шыққан детективтің рөлін сомдайды.
Үшінші маусымның нақты қашан көрсетілетіні әзірге белгісіз.
«Нағыз детектив» алғаш рет эфирге 2014 жылы HBO арнасынан шыққан еді. Туынды көпшілік көрерменннің көңілінен шықты, себебі Мэттью МакКонахи мен Вуди Харрельсон оңтүстік готик бағытында тамаша дуэт орындады. Сюжеті құпияға толы өлімнің тергеу бөлімдерін баяндаған болатын.
Жақында ғана қайта шақырса, МакКонахидің фильм жалғасына түсетіні туралы қауесеттер тараған еді.
Екінші маусымындағы оқиға Лос-Анджелесте болған. Басты рөлдерді Колин Фаррелл, Рэйчел МакАдамс пен Винс Вон сомдаған, алайда екінші маусымды көрермендер аса бағалай қоймады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін