Режиссер Бернардо Бертолуччи 77 жасында дүниеден озды
«Соңғы император» эпопеясы тоғыз «Оскарға» ие болған режиссер Бернардо Бертолуччи 77 жасында қайтыс болды. Ол бүкіл режиссерлар ұрпағына өзінің «Конформист» пен «Париждегі соңғы Танго» сынды жаңашыл жұмыстарымен әсер етті. Картиналарында Бертолуччи жеке баяндау мен камераның мықты пландары арқылы саясат пен сексуалдылықты зерттеді. Оның агентінің хабарлауынша, режиссер дүйсенбі күні таңғы сағат жетіде Римдегі өз үйінде обыр ауруынан қайтыс болды.
Бернардо Бертолуччи өз ұрпағы үшін ең танымал итальяндық автор болды, ол Еуропа мен Голливудте жұмыс істеген, ол көптеген студиялармен жұмыс істей отырып, жеңіске де жетті, жеңіліс те тапты. Бірақ, бұл шебер өз киносын түсірген кезде, өзінің ішкі әлемін үлкен экраннан көрсете алатын жұмыстарды жасады.
Режиссердің жанкүйерлері онымен Римде қоштасады. Жерлеу рәсімі қарапайым түрде өтеді деп жоспарлануда, алайда келесі аптада түрлі қалаларда осы әйгілі маэстроның құрметіне арналған шаралар өтеді.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
30 қараша 2018, 00:50Талантливый режиссер. Да будет кино твое имя.