È

«Валериан және мың ғаламшар шаһары»: EuropaCorp-тың бірнеше миллиондаған шығыны

«Валериан және мың ғаламшар шаһары»: EuropaCorp-тың бірнеше миллиондаған шығыны

Биылғы жылдың қаржылай нәтижесі көңіл қуантарлық емес, Люк Бессонның «Валериан және мың ғаламшар шаһары» таспасы EuropaCorp компаниясын шығынға батырды. Бұл туралы 83 миллион доллар көлеміндегі жарты жылдық шығын есебінде айтылды. Фильм айналымы сәтсіз болды, оның үстіне Том Хэнкс басты рөлді сомдаған «Сфера» да ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алмады. Стивен Куэйлдың «Ессіздер» таспасының кассалық жинағы да алаңдауға тұрарлық, оның шығынға қатысты болжамы 20 миллион доллардан асып түседі.

Бессонның «Валериан және мың ғаламшар шаһары» ғылыми-фантастикалық эпопеясы айналым кезінде бүкіл әлем бойынша 185 миллион доллар табыс тапты, оның өндірістік бюджеті 200 миллион доллар көлемінде еді. Бессонның өзі компанияны басқаруды 31 желтоқсан күні, яғни бас директор Марк Шмугер өзінің кететінін 11 қараша күні жариялаған соң, бір жарым айдан кейін қолға алмақ. Оның алдында қыркүйекте EuropaCorp бас директорының орынбасары қызметінен Эдуард де Вессин бас тартқан болатын.

Шмугер кеткен соң, EuropaCorp толығымен киноөндіріске назар аударуда. Бұл жобаларға қатысты үлкен тізімді жылына 2-3 ағылшын тілді көркем фильмдерге, екі франко тіліндегі көркем фильмдерге және ағылшын тілді телебөлімшелердің қолдауын қысқартпақ. Бұл келесі жылы басты рөлдегі Колин Фертпен бірге Томас Винтербергтің «Курск» фильмі және басты рөлдегі Хелен Мирренмен бірге «Анна» тыңшылық атыс-шабыс фильмінің өндірісі тоқтайтынын білдіреді.

Осы жағдайда кірісті тележобалар арқылы 100 пайызға көтеру қажеттілігі маңызды. NBC-де «Тұтқын қыз» хикаясының бірінші маусымы сәтті басталды, бұл хикаяның екінші маусымын түсіруге септігін тигізді. Қазір Люк Бессон ABC үшін «Оскар» иегері, басты рөлдегі Жан Дюжарденмен бірге «Француз детективі» хикаясын түсіріп жатыр.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 22:51

Думаю, люди не поняли суть фильма, и значение своего разума и мира в котором они хотят быть. Я увидел в этом фильме многое.

Ануар Кенжибаев

5 февраля 2018, 21:24

Казакша карадыныз да?

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер