Кіші Валерий Задарновский сериал түсіруде
Клипмейкер, режиссер және актер кіші Валерий Задарновский «Іңкәр жүрек» сериалының екінші маусымына режиссерлық етеді. Валерий бірінші рет көпсериалы жобаны қолға алып отыр.
Задарновскиийдің айтуынша,ол бірінші маусымның режиссеры Жеңіс Аматаевпен бұрыннан таныс. Ол Валерийді түрлі жобаларға саундтрек жазуға бірнеше рет шақырған.
«Режиссер болуға ұсынысты Жеңіс жасады, мен келістім. Мен бұған дейін сериал түсіріп көрген жоқпын, сондықтан бұл жоба - менің дебютым. Ал жалпы түсірілім барысына келетін болсақ, мен сценарийді немесе жалпы картинаны түбегейлі өзгертпеймін: сериалдың іргетасы мен форматы қалыптасып қойған. Жоба өте кең аудиторияға арналған, олар өздеріне фңғайлы ктинотілінде ақпарат алуға бейімделген. Әнине, мүмкіндігімше мен өзімнің нұсқаларымды да ұсынып жатырмын, тәжірибелер де жасаудамын. Біз Жаркентте, Балқашта болдық, шынайы табиғатты түсірдік», - дейді Валерий Задарновский.

Режиссер кіші Валерий Задарновский
Режиссердің айтуынша, бірінші маусымдағы кейіпкерлер екінші маусымда басқа қырларынан танылады, осының өзң қызық. Сондай-ақ ол тағы бір кішкентай құпияны ашты:көрерменді екеуінің тағдыры екі түрлі жаңа кейіпкерлер күтіп тұр.
«Шыны керек, мен клип түсіруге дағдыланғанмын, мен өзімді өте ыңғайлы сезінемін. Қысқаметрлі формада мен өзімді толыққанды көрсете аламын. Сондай-ақ алдағы уақытта Жеңіспен толық метр түсіру де ойымызда бар. Қазір бізге маңыздысы, тақырып табу, мүмкін келесі жылы толық метрді түсіруге кірісеміз.Мен сериал түсіруге аса құлышнбаймын, мен үшін бұл жоба мен үшін жақсы тәжірибе», - дейді клипмейкер.
«Іңкәр жүрек 2» түсірілімі 1 маусымда басталды және қыркүйектің ортасына дейін жалғасады. Оценить түсірілім тобының жұмысын қазақстандықтар қазан айында тамашалай алады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін