Венеция-2018: негізгі бағдарламада Оливье Ассайастың «Екі жақты өмір» комедиясы көрсетілді

Венеция фестивалінің негізгі бағдарламасында режиссер әрі сценарист Оливье Ассайастың («Жекелеген сатып алушы», «Зильс-Мария») «Екі жақты өмір» комедиясының тұсауы кесілді. Бұл қызықты таспа Францияда тым көп әңгімелесу мен көп әзілдің болмайтынын көрсетеді. Ассайас технологияның ықпалындағы жаңа әлемге бар ынтасымен үйренуге тырысып жүрген Париждегі баспагер Аленді (Гийом Кане, «Менің ұлым», «Мәңгі жас») сипаттайды.
Аленнің әйелі актриса Селена (Жюльет Бинош, «Күнді енгіз», «Ой, аналар») өзі қызықпайтын танымалдылыққа ие. Сондай-ақ, Кане кейіпкері бұрыннан бері романдар авторы Леонардпен (Венсан Макен, «Мерекелік аласапыран», «Марс ғаламшарынан жаңалықтар») серіктес болып жүр. Леонардтың кітаптары онша сатыла қоймайды, алайда ол кенеттен өсектің астында қалады, өйткені кітаптарының ортасында өзі жайлы және әлеуметтік желіде өзі туралы жазылған шайқастарды жариялап отырады.

Тең дәрежеде «Екі жақты өмірдегі» назар аударуға тұрарлық әрі жүйкені жұқартатын кейіпкерлер толығымен өздеріне бағытталған, олар үнемі оқырмандар санын, сандық кезеңнің келетінін, қағазды кітаптардың қашан жоғалатынын және әдеби сыншылардың маңыздылығының жойылып бара жатқанын талқылайды. Мұндай қазбалау әрі нарциссизм өте қызықты, сонысымен аудиторияның жарқын күлкісін келтіретіні анық. Нәтижесінде, Оливье Ассайас қазіргі таңда өзінің ең көңілді фильмін түсіргендей.

«Екі жақты өмір» кейіпкерлерін сомдайтын актерлардың ойыны жарқын, олар дауласады, некесіз шиеленістерге қатысады, үнемі ұмытылмас өткір ойлы нәтижеге жетуді ойлап, өзара әңгімелеседі. Таспа айналадағы өмірдің өзгеріп жатқанын көрсетуге тырысады, бұл ылғи жақсы жаққа бағытталмауы да мүмкін. Дегенмен, Ассайас жұмыстарында ретроның керемет екенін білдіретін түсінік бар. Оның кейіпкерлері – үлкен әлемнің кішкентай бөлігі, орта жастағы адамдар, интеллигенттер мен кетіп бара жатқан қағазды кезеңнің мәдениеттерін сақтаушы жандар, тамаша түннен кейін Бергман шығармашылығын талқылап, рухани әңгімелесетін адамдар.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін