È

Жюльет Бинош: «Самал Еслямова үшін қуаныштымын»

Жюльет Бинош: «Самал Еслямова үшін қуаныштымын»

Француз актрисасы Жюльет Бинош Қазақстанға 29 маусымға дейін созылатын II бүкіләлемдік «Астана» театр фестиваліне келді. Әлемдік жұлдыз астана тұрғындары мен қонақтарына қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың өлеңдерін оқып береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жюльет Бинош журналистермен кездесу барысында 71-ші Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Еслямова үшін қуанышты екенін жеткізді.

«Қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың поэзиясын ұсынамын және «Қара көздер» атты белгілі өлеңін оқимын. Сондай-ақ, сіздің елдеріңіз үшін, отандастарыңыз Самал Еслямованың Канндағы үлкен жеңісі үшін қуаныштымын», - деді актриса.

Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Сонымен қатар, қонақ Астананың архитектурасына және тұрғындарының жайдарлығына тамсанды.

«Ең алғашқы әсерім өте жақсы. Маған елдеріңіз үлкен сияқты болып көрінді. Жан-жағымда сән мен үлкен кеңістік байқалады, халық өте қонақжай, күлімдеп қарсы алып, жақсы көзқарас танытады. Мықты заманауи архитектураны байқадым. Осындай заманауи, сәнді әрі серпінді астаналарыңызға қызыға әрі қызғана қараймын», - деп қоса кетті Жюльет Бинош.

Айта кету керек, 54 жасар француз актрисасының жүлделер қоржынында «Ағылшындық емделуші» картинасындағы екінші қатардағы үздік әйел рөлі үшін алған «Оскары» мен «Көшірмесі дұрыс» таспасындағы ойыны үшін Канн кинофестивалінен алған пальма бұтағы бар.

 

Превью: Tengrinews.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер