«Ине» фильмінде басты рөлді сомдаған Виктор Цойға Төлебаев көшесінде ескерткіш орнатылады
Алматы қаласының әкімшілігі танымал әнші, «Кино» рок-тобының үздігі, актер Виктор Цойдың құрметіне ескерткіш қою ұсынысын құптады. Музыканттың толық мүсіні бейнеленген ескерткішті осы күзде қою жоспарланып отыр.
Виктор Цой – кеңес кезеңінің музыканты, әйгілі «Кино» рок-тобының үздігі, бірнеше әндердің авторы әрі актер. Виктордың шығармашылығында 1988 жылы түсірілген режиссер Рашид Нұғымановтың «Ине» фильмі ерекше орын алады. Аталмыш картинада музыкант басты кейіпкер Мороны сомдап, 1989 жылы «Жылдың үздік актері» деп танылды. Кинотаспаның өзі Германияның Одесса және Нюрнберг қалаларында болған ХКФ-де бірнеше жүлделерге ие болған.
«Ине» фильмінен көрініс
Виктор Рашид Нұғымановтың басқа да картиналарына түсуді жоспарлап жүрген болатын. Алайда, музыкант 1990 жылдың тамыз айында автокөлік апатынан қайтыс болды.
Айта кету керек, әншінің құрметіне орай алғашқы ескерткіш 2010 жылы Ресейдің Барнаул қаласында орнатылды. Ал Мәскеу мен Санкт-Петербургте Викторға арналған ескерткіш әлі қойылмады.
Виктор Цойдың Алматыдағы есткерткіші Төлебаев көшесінде, «Ине» фильмінің түсірілімі өткен жерде қойылатын болады.
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Ануар Кенжибаев
1 маусым 2017, 13:11звезда по имени Солнце
Аблайский
2 маусым 2017, 14:47Последний герой #ЦойЖив