Ұзақ уақыт бойы бұл туралы БАҚ өкілдері мен журналистер арасында сыбыс тараған болатын, енді міне, Д.Б. Уайсс пен Дэвид Бениофф ресми ақпарат берді. Бұл жаңалықты HBO арнасының бағдарламалар бойынша директоры Кейси Блойс растады. Ол өз сөзінде егер менің қолымнан жобаны он маусымға дейін ұзарту келсе, мен міндетті түрде оны жасар едім, бірақ жігіттер Бениофф пен Уайс жобамен не істейтіндерін өздері жақсы біледі, олардың белгілі бір жоспарлары бар болар деді. Бірақ уақытынан бұрын көңіліңізді түсірудің қажеті жоқ, өйткені авторлар осы картина негізінде басқа да жобаларды, сиеквелдерді, приквелдерді, спин-оффты жүзеге асыруы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, сериалдың келесі жетінші маусымы 2017 жылдың әдеттегідей көктемінде емес, жазында шығады. Өйткені эпизодтарда шынайы қыс мезгілін көрсету керек болды, сондықтан көрсетілім кейінге шегерілген.