Осыдан бір ай бұрын Том Круздың көңілі толмауына байланысты жобаның түсірілімі тоқтатылған болатын. Ол өзіне тағайындалған қаламақыға қатысты ренішін білдірді.Қазір Круз бұрынғыдай жас емес, сондықтан оған трюктерді орындау қиынға соғады, сондықтан ол өзінің қаламақысы болады деп ойлаған. Алайда Paramount Pictures киностудиясы актердің қалауын қанағаттандырғысы келмеді. Нәтижесінде екі тараптың келісімге келгені белгілі болды, бірақ нақты қандай келісімге келгені белгісіз. Қысқасы, қыста басталады деген түсірілім жұмыстары көктемге шегерілді. Кезекті атыс-шабыс фильмнің қойылымымен Кристофер МакКуорри айналысады. Өндіріс кестесі кейінге шегерілгендіктен релизі әлі белгіленбеді. Өткен бөлімі үшін Том Круз он екі миллион доллар қаламақы алған болатын, ал фильм әлемдік прокатта700 миллион доллар касса жинады.