Жақында «Игра престолов» сериалының табынушыларының TheWatchersOnTheWall танымал басылымында атақты аңыздың жетінші маусымында не болатыны туралы шағын спойлер-ақпарат шықты.
Ирландияның Белфаст қаласына түсірілімнің басталуына Дейенерис Таргариен рөлін ойнайтын Эмилия Кларк келді.Таяуда оның Айдаһарлар мекені деген жердің түсірілімі үшін Испанияға баратыны белгілі болды. Сюжет бойынша ол жерге айдаһарлар анасы баруы тиіс. Онда Дейенерис Таргариен және Серсея Ланнистер кехздесуі мүмкін, өйткені Айдаһарлар мекені патшалық айлақтың қасында орналасқан. Алтыншы маусымның соңында мұнда серсея Темір таққа отырған болатын.