È

«Жүзбен жүгіруші 2049» фильмінің проморолигі жарық көрді

«Жүзбен жүгіруші 2049» фильмінің проморолигі жарық көрді. Әлемдік кино

Дени Вильнёвтің «Жүзбен жүгіруші 2049» фантастикалық фильмінің тұсаукесер күні жақындап келеді, туынды Ридли Скоттың «Жүзбен жүгіруші» фильмінің тікелей сиквелі болып табылады.

Фильм үлкен экранға 5 қазан күні шығады, актерлар кино туралы тіс жармауға келісім берген екен, дегенмен журналистер оларды жан-жақтан қаумалап, сұрақтарын жаудырып жатыр.

«Галактика сақшыларындағы» Дракс рөлі арқылы танылған Дэйв Батиста баспасөздің кезекті құрбанына айналды. Батиста «Жүзбен жүгіруші 2049» фильміне түскен, бірақ сюжет пен спойлер туралы ештеңе айта алмайтынын жеткізді. Актердің айтқаны тек бір ғана нәрсе – оның кейіпкерінің есімі Саппер Мортон. Оның үстіне, Батиста фильмнің басқа да актерлары секілді режиссер Дени Вильнёвты мақтап жатыр.

Сонымен қатар, фильмде Джаред Лето, Райан Гослинг, Харрисон Форд, Ана де Армас және Робин Райт ойнайды.

Сюжетте Ридли Скоттың түпнұсқа таспасынан 30 жыл өткеннен кейінгі оқиға баяндалады. Әлемге қауіп төніп тұр, оны құтқаруға полиция офицері Кей (Райан Гослинг) және бұрынғы блэйдраннер Рик Декард (Харрисон Форд) кіріседі.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы «Меломан-Кинопрокат» компаниясы болып табылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер