È

«Мен арықтап келемін»: салмақпен күресу

«Мен арықтап келемін»: салмақпен күресу

Жаңа трейлерге қарасақ, «Мен арықтап келемін» қызықты жастар комедиясы сюжеті арқылы алғашында бар күшімен өзгеруге талпынып, кейін өзімен-өзі болуды дұрыс деп ұйғарған классикалық голливуд комедияларындағы кейіпкерді еске салады екен. Таспаға танымал ресейлік актриса Александра Бортич («Жақ!», «Махаббат жайында. Тек ересектерге арналған») түсті, ол басты кейіпкердің образына ену үшін 20 кг салмақ қосқан.

Сценаристер Николай Куликов («Ащщы!») пен Константин Майердің («Физрук» хикаясы) арқасында «Мен арықтап келемін» хикаясы өткір, бірақ зиянсыз әзілмен толықты. Бойжеткен Аня толық болғаны үшін қысылмайды, бірақ салауатты өмір салтын ұстанған денелі жігіті қызының артық салмағын аса құптай қоймайды. Аня қарым-қатынасын сақтап, тұрмысқа шығу үшін артық салмаққа қарсы күресе бастайды: ешқандай фастфуд жемейді, бұдан былай пайдалы тағамдар тұтынып, жаттығу залына барады. Мұндай өзгеріс бойжеткенге оңайға соқпайды, дегенмен қуанышына орай, оған құрбысы мен арықтағысы келетін толық Коля көмекке келеді.

Фильм режиссері Алексей Нужный 2012 жылы беделді Jameson First Shot қысқаметражды фильмдер байқауының жеңімпазы атанған. 2012 жылы оның «Конверт» қысқаметражды туындысында басты рөлді Кевин Спейсидің өзі сомдаған. Сондай-ақ, «Мен арықтап келемін» фильмінің басты рөлдеріде музыка сотқары, «Ленинград» тобының үздігі Сергей Шнуров пен көрермендерге «Аритмия» фильмі арқылы таныс Ирина Горбачева ойнаған.

«Мен арықтап келемін» картинасының Қазақстандағы тұсаукесері 2018 жылдың 8 наурызына жоспарланып отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер