È

«Мен оралдым»: Арнольд Шварценеггердің алғашқы сөздері

«Мен оралдым»: Арнольд Шварценеггердің алғашқы сөздері

Арнольд Шварценеггер қазір қалыпты жағдайда және жүрек клапанын жоспарлы түрде ауыстыру кезіндегі асқынудан кейін жүрекке жасалған ашық отадан соң жазылып келеді. Оның отадан кейінгі алғашқы сөздері: «Мен оралдым» болды. Бұл туралы оның ресми өкілі Дэниэл Кечелл өзінің Twitter'-дегі парақшасына жұма күні жазып, Шварценеггердің жақсы көңіл-күйде екенін жеткізген болатын.

1997 жылы «терминатор» әрі Калифорния губернаторында жүрек ақауы бар екені анықталды, оған клапан қойылды. 20 жылдан соң, бейсенбі күні Шварценеггер дененің қуыстарына енгізілетін қуыс тетіктің көмегімен клапанды ауыстыруға шешім қабылдайды. Ота жасау барысында асқыну пайда болып, жанында күзетіп отырған хирургтер тобы ашық жүрекке ота жасады.

«Губернатор Шварценеггердің жүрек клапаны сәтті түрде ауыстырылды, қазіргі таңда хирургиядан соң ол өз-өзіне келе бастады, жағдайы бір қалыпты. Дәрігерлер тобына және олардың бағаланбас қызметтеріне алғыс білдіреміз», - деді Кечелл. Шварценеггер кардиохирургердің пышағына алғаш рет түсіп отырған жоқ. 1997 жылы оның қолқа клапанын ауыстырған еді. Актер бұрын мотоциклдегі апаттан соң алты қабырғасын сындырғаннан кейін, хирургтердің қызметіне жүгінгенін хабарлаған болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 апреля 2018, 00:40

Не зря его Называю Железный Арни. И при этом он точно сказал I all be back.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер