È

ЮНЕСКО Әмина Өмірзақованың мерейтойын атап өтпек

ЮНЕСКО Әмина Өмірзақованың мерейтойын атап өтпек

2019 жылдың 8 наурызында Қазақстанның Халық әртісі Әмина Өмірзақованың мерейтойы тойланады, шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ЮНЕСКО ұйымдастырмақ.

Әмина Өмірзақова 1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1934 жылы Ленинградта театр училищесіне студенттер қабылдап жатыр дегенді естіп, ол өзі бағын сынап көруді ұйғарады. Оның «өрт» этюдін орындағаны қабылдау комиссиясының басшысына қатты ұнағаны соншалық, Әмина Өмірзақованы 15 жасында бірден Ленинградтық мемлекеттік театр институтына қабылдайды.

«Ана туралы жыр» фильмінен көрініс
«Ана туралы жыр» фильмінен көрініс

1964 жылы Әмина Ерғожақызы «Ана туралы жыр» фильмінде ойнап, Ленинградтағы Бірінші бүкілодақтық кинофестивальде «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды.

Әмина актерлік мансабында қазақ тіліндегі 20-дан астам фильмдерде ойнаған, солардың ішінде «Тақиялы періште», «Абай әндері», «Роза ана» фильмдері үшін Өмірзақова «Шоқжұлдыз» кинофестивалінде үздік қарт адам рөлі үшін жүлделі болған.

Әмина Ерғожақызы кейіпкерлерін сендіре сомдағаны соншалық, нағыз қазақ анасының бейнесі атанды.

1996 жылы актриса ұлы Талас Өмірзақов режиссерлік еткен «Әмина» өмірбаяндық таспасының түсіріліміне қатысты.

«Тақиялы періште» фильмінен көрініс
«Тақиялы періште» фильмінен көрініс
«Тақиялы періште» фильмінен көрініс

Экрандағы ойынынан бөлек, ол фильмдерді қазақ тіліне дубляждаумен айналысты.

2001 жылы Қазақстанның Халық әртісі «Отан» орденімен марапатталды.

Әмина Өмірзақова 2006 жылдың 26 қыркүйегінде, 66 жасында өмірден өтті.

Актрисаны еске алу құрметіне орай өткізілетін ЮНЕСКО деңгейіндегі кеш отандық театр мен кино мәдениетінің жарқын жұлдызына деген үлкен құрметтің белгісі болып саналады.

 

 

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

28 мамыр 2019, 05:20

Она достойна. Это правда.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер