È

Зак Снайдер «Warner Bros.-тан» кетпейтін болды

Зак Снайдер «Warner Bros.-тан» кетпейтін болды

Биылғы жылы наурыз айында «Бэтмен Суперменге қарсы. Әділеттіліктің ақ таңы» және «Әділеттілік одағы» фильмдері режиссерінің жеке басында өмірінің астан-кестеңін шығарған қайғылы оқиға болған еді. Оның үлкен қызы өз-өзіне қол салып, көз жұмған. Сол себепті, режиссер «Әділеттілік одағы» («Лига справедливости») жобасынан бас тартып, өзін толықтай отбасына арнауды жөн санаған. Зак Снайдер «Әділеттілік одағы» фильмінің билігін Джосс Уидонға бергеніне қарамастан, «Warner Bros.» студиясы оны қайтадан жобаға шақырып алды. «The Hollywood Reporter» басылымының хабарлауынша, режиссер студиямен жасалған эксклюзивті келісім-шартын созған. Ол жерде жазылған ережелерді бұрынғы жобалардан бөлек, жұмысқа қайта оралған соң кірісетін басқа да туындыларға таратқан.

Режиссердің өзі бастапқыда қайғылы ойлардан арылу үшін жұмыс істей беруді көздегендігін жасырмады. Бірақ, ақыры уақытының көп бөлігін отбасына арнауды ұйғарған.

«Warner Bros.» студиясының басшылығы «Әділеттілік одағы» («Лига справедливости») фильмінің тұсаукесер күнін ауыстыруды ұсынған еді. Бірақ режиссер картинаның продюсері болып саналатын әйелі екеуі бұл мүмкіндіктен де бас тартты.

Фильм тұсаукесері қараша айына жоспарланған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса