È

Жанар Дұғалова тұрмысқа шығады

Жанар Дұғалова тұрмысқа шығады

Танымал әнші әрі актриса Жанар Дұғалова жақын арада Қазақстанның ең қызығарлық қалыңдықтар тобынан кетпек. Ол жақында тұрмысқа шығатынын білдірді. Бұл туралы әнші Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында кездейсоқ айтып қойды.

Журналистің сұрақтарына жауап берген Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын, болашақ жарының шоу-бизнеске мүлдем қатысы жоқ екенін де айта кетті. Тойдың қашан болатыны және әртістің жүрегін жаулаған адамның кім екені әзірге құпия болып отыр.

Бұрын жұлдызды Тәуекел Мүсіліммен қосатын. Алайда, Дұғалова бұл қауесетті жоққа шығарып, екеуін тек кәсіби қарым-қатынас қана байланыстыратынын түсіндірді.

Еске сала кетсек, Жанар Дұғалованың тек тамаша вокалды қабілеті ғана емес, сонымен қатар керемет актерлік шеберлігі де бар. Бойжеткен «Махаббатым жүрегімде» хикаясына және «Ғашық жүрек 2» мен «Наурыз.kz» толықметражды фильмдеріне түскен.

 

Превью: Жанар Дұғалованың Instagram-дағы жеке парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер