È

«Әйел алда жүреді»: ғашық болған Джессика Честейн Жабайы Батыс бойымен саяхаттауда

«Әйел алда жүреді»: ғашық болған Джессика Честейн Жабайы Батыс бойымен саяхаттауда

Режиссер Сюзанна Уайттың («Біз сияқты сатқын», «Қанішерлер ұрпағы») «Әйел алда жүреді» тарихи драмасының алғашқы трейлері пайда болды, аталмыш картина алғаш рет былтырғы жылдың күзінде Торонто фестивалінде таныстырылған болатын. Фильмнің бас жұлдызы Джессика Честейн («Зообақ қараушысының әйелі», «Үлкен ойын») өткен ғасырдың екінші жартысында Швейцариядан Америкаға көшіп барған американдық суретші әрі белсенді Кэролайн Уэлдон жайлы хикаяға түсті.

Шынайы оқиғаларға негізделген таспа өз өмірін Американың жергілікті тұрғындары үндістердің құқығын қорғауға көмектесуге арнаған әйел жайлы баяндайды. 1889 жылы жазда Уэлдон Дакота аумағына келіп, өзі көмектескен адамдардың арасында тұрады. «Әйел алда жүреді» суретші мен әйгілі үндіс көсемі Отырықшы Бұқаның (Майкл Грейес, «Нағыз детектив», «Американдық құдайлар» хикаялары) достығын көрсетеді.

Кэролайн Уэлдон осы көсемнің портретін салған, ол ұзақ уақыт бойы білімі жоқ үндістерге, сиу тайпасына өз жерлерін қорғауға көмектесіп келді, себебі оған америкалық билік өкілдері көз салған болатын. Честейннен басқа, фильмге Сэм Рокуэлл («Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури», «Полтергейст») полковник Силас Грувтың рөлін сомдап, түсті, ол жергілікті Дакота тұрғындарымен қақтығысқан әскерлерді басқарған.

«Әйел алда жүреді» тарихи драмасы 29 маусымнан бастап айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер