È

Джеймс МакЭвой мен Билл Хейдер «Ол» фильмінің екінші бөліміне қатысу жайлы келіссөз жүргізіп жатыр

Джеймс МакЭвой мен Билл Хейдер «Ол» фильмінің екінші бөліміне қатысу жайлы келіссөз жүргізіп жатыр

Джеймс МакЭвой («Тұңғиық», «Жойқын ақсары қыз») және Билл Хейдер («Кемшіліксіз қыз», «Поп-жұлдыз: қойма, тоқтама») «Ол» хоррорының екінші бөліміне қатысу жайлы келіссөз жүргізіп жатыр. Джессика Честейн («Үлкен ойын», «Зообақ қараушысының әйелі») де New Line айналысып жатқан Стивен Кинг классикасының экранды бейімдеуінің жалғасына қатысты түсірілімге дайындалуда.

«Ол» фильмінің екінші бөлімінде соңғы рет экранға шығып, 2017 жылғы алғашқы «Ол» фильмінің блокбастеріне айналған және әлем бойынша бокс-офисте 700 миллион доллардан астам қаржы жинаған сайқымазақ Пеннивайздың террорына тап болған есейіп қалған кейіпкерлер көрсетіледі. Бала актерлар екінші бөлімде өткенге шолу көріністері мен сахналарында пайда болады.

Егер келісім-шарт жасалса, МакЭвой «Жолы болмайтындар клубы» балалар тобының ресми емес басшысы ересек Билл Денброның рөліне ие болады. сюжет бойынша ол есейіп, табысты автор атанады. Билл өткені мен бұрынғы бала қорқынышын қайта сезінуге мәжбүр. Хейдер табысты ди-джей болған әзілкеш Ричи Тозиерді сомдау мүмкіндігіне ие бола алады. Джессика Честейн ересек өмірінде сәтсіз некеде тұрып жатқан Беверли Маршты сомдайды.

«Ол» жалғасының тұсаукесері 2019 жылдың 6 қыркүйегіне жоспарланған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер