«Жалынды құпия»: Стэнли Кубриктің сценарийі айдың соңында аукционнан сатылмақ
Әйгілі режиссер Стэнли Кубриктің («Жабық көздермен», «Цельнометаллды қабық») «Жалынды құпия» фильміне жазған сценарийі айдың соңында аукционнан сатылмақ. Бұрын жоғалдыға саналған қолжазба биылғы жылдың шілдесінде табылған еді. Нью-Йоркте сауда ұйымдастырумен айналысатын «Бонхамс» аукцион үйі қазірдің өзінде үлкен қызығушылық тудырып отырған қолжазба шамамен 20 000 долларға сатылады деп отыр.
«Жалынды құпия» Стэнли Кубрик өткен ғасырдың 50-жылдардың ортасында жұмыс істеуге тырысқан жоба болып табылады. Сарапшылар сценарийді 1956 жылы жазылған деп есептейді және толығымен аяқталған туынды ретінде қарастырады. Хикая аустриялық жазушы Стефан Цвейгтің 1913 жылы жарық көрген новелласына негізделген. Кубриктің бейімдеуі курортта анасының көңілін аулау мақсатында, 10 жасар баламен достасуға тырысатын сақтандыру агенті жайлы баяндайды. «Жалынды құпия» оқиғасы Америкада 50-жылдары өтуі тиіс болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін