Том Форд кинемотографта өзінің бір шедеврімен ерекшеленді, осыдан жеті жыл бұрын «Одинокий мужчина» картинасын түсірген еді.
енді ол көпшілікке өзінің «Ночные животные» деп аталатын жаңа шедеврін ұсынбақ, бұл фильм Венециан кинофестивалінде жақсы қабылданды.
Сценарий Остин Райттың «Тони и Сьюзен» романының желісі бойынша түсірілген. Кітап жазушы мен оның бұрынғы әйелі туралы, жазушы роман жазады да әйеліне оқуға береді, ал әйел оны оқып шығып, романның өздері туралы екенін түсінеді. Уақыт өте келе ол күйеуімен арасындағы қарым-қатынасты ойлап, іштей қатты күйзеледі. Ол күйеуінің дарынын бағаламай, оның өзіне деген сезімін өлтіргенін түсінеді. Сондай-ақ ол романдағы адам өлтіру көрінісі өзінің күйеуіне көрсеткен күйзеліс үшін кек қайтару екенін түсвінеді. Романның сюжеті фильмде былайша баяндалады: күйеуі, әйелі, қызы – үш адамнан тұратын отбасына белгісіз біреулер тап береді. Олар әйелдерді зорлап, өлтіріп кетеді, ал еркек әйелі мен қызы үшін кек алмақ болады, өйткені оның басқа ешкімі қалған жоқ.